eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне онлайн тапсырыс беру қызметі 2026 жылғы 8 қаңтардан бастап пилоттық режимде іске қосылды, бұл туралы eGov.kz порталы хабарлады.
«Алғашқы екі күннің өзінде бұл қызмет арқылы 113 мыңнан астам өтінім қабылданған. Ал 15 қаңтардағы жағдай бойынша өтінімдердің жалпы саны 226 мыңнан асты. Бұл көрсеткіш сервистің халық арасында сұранысқа ие екенін және онлайн рәсімдеудің қолайлылығын көрсетеді. Сонымен бірге жекелеген жағдайларда төлем жасалғаннан кейін өтінім беруші таңдаған нөмірдің әлі де броньдауға қолжетімді екені туралы ақпарат шығуы мүмкін. Бұл көбіне өтінімнің соңғы кезеңде толық аяқталмауына байланысты туындайды. Мұндай жағдайда азаматқа өтінімді қайта рәсімдеп, үшінші қадамда «Бұрын төленген» деген опцияны таңдап, төлем жасалған банк пен күнін көрсету қажет. Процедура толық аяқталған соң нөмір өтінім берушінің атына бекітіліп, басқа азаматтар үшін қолжетімсіз болады.Егер пайдаланушы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін сатып алудан бас тартса, төленген қаражатты қайтарып алу мүмкіндігі бар. Қаражатты қайтару тәртібі туралы толық ақпарат eGov.kz порталының ресми парақшаларында қосымша жарияланады. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сервисті жетілдіру жұмыстарын пайдаланушылардың ұсыныстары мен жоғары жүктемені ескере отырып жалғастырып жатыр. Барлық жолданған өтінімдер кезең-кезеңімен өңделеді» — делінген портал хабарламасында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!