Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Мемлекеттік тілді де меңгеруі тиіс»

22.11.2021, 16:45 248

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның дипломатиялық қызметінің кадр саясаты өзгерістерге мұқтаж екенін айтты.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында Тоқаев қазақстандық дипломатияның жаңарған келбетін қалыптастыру туралы айтты.

– Біздің дипломатиялық қызметіміз сілкіністі қажет етеді. Сыртқы істер министрлігінен білікті мамандардың кетуі оның кадрлық әлеуетін әлсіретеді, күрделі сын-тегеурінге айналуда, – деді Тоқаев. 

Президент бұл жағдайды түзету қажет екенін айтты.

– Уақыт кадр саясатында түбегейлі өзгерістерді талап етеді. Дипломатиялық қызметке, ең алдымен, білімді, ашық, отансүйгіш кәсіпқойлар қажет. Қазақстанның атынан шет елдерде өкілдік ететін дипломаттарымыз тек шет тілдерін ғана емес, ең алдымен мемлекеттік тілді де меңгеруі тиіс, – деді мемлекет басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: