Өткенде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығынан хабарласып тұрмын» деп бір қыз ызбандады. Өзін Дана деп таныстырды. Орысшалап бірдеңелерді айта бастап еді, «маған қазақша айтыңызшы, мен орысша түсінбеймін» дедім.
– Сіз түсінесіз ғой, неге бұлай деп тұрсыз? – деді тағы да орысшалап.
– Түсінсем де, маған қазақша сөйлегеніңізді талап етемін, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, қазақ тілінде сөйлеу және сұрау – менің конституциялық, азаматтық құқығым, – дедім.
– За то я не понимаю, не знаю казахский, – дейді.
– Қазақ тілін білмесең, түсінбесең, орныңды білетін, түсінетін адамға босатып бер. Маған қазақша білетін адам хабарласып, айтсын, түсіндірсін, не мәселе бойынша ызбандап тұрғаныңызды…
– Да, ладно, прям такая принципиальная, – деді де тұтқаны қоя салды.
Бүгін тағы бір мәңгүрт маған, менің тіліме үстемдігін жүргізгісі келді.
«Мен мәңгүртше білмеймін, түсінбеймін» дедім…
Орыстілді мәңгүрттер таза қазақтілді біз сияқты патриот қазақтарды екінші, үшінші сортты құл сияқты көреді. Тәкәппарлықтарыңды жинап, қалталарыңа салып қойыңдар.
Өттерің жарылып кетсе де, қазақ жерінің иесі – қазақ па, демек, қазақ тілі үстем болады! Тұғырына қонады! Қазақ тілін – мемлекеттік тілді білмейсің бе, орныңды білетін адамға босатып бер. 70 жыл кеңес республикасы деп орыстың орыс тіліне жығылдық! Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл болды – орыстілді қараорыс мәңгүрттерге жығылып, «подстраиваться» етіп, тілімізді де сындырып біттік, рухымызды да сындырып болдық. Жетер!
Құлдық санадан арыла алмай құл боп жүргілерің келсе, орыс тілі үстемдік ететін шетелге есік те, шекара да ашық. Мархабат. Ешкім сендерді ұстап отырған жоқ. Қазаққа биіктен қарайтын заман өтті.
Қазақ – өз жерінде өзі би, өзі қожа.
(Сәуле Әбілдаханқызының ФБ парақшасынан алынды.)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!