Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Диас Асылбекұлының төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Жиында мемлекеттік мекемелерде ұлттық белгілердің қолданылуы барысында анықталған кемшіліктер қаралды.
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Нұржан Шәпидің есебі тыңдалып, осы салаға бағытталған мәселелер жан-жақты талқыланды.
Сондай-ақ мәжілісте:
«Елдігімізді, егемендігімізді бейнелейтін мемлекеттік рәміздер – еліміздің мәртебесін, ұлттық нышандарын көрсететін ерекше қастерлі белгі. Сондықтан да, мемлекетіміздің рәміздерді қолдану мен насихаттаудың, құрметтеуді үнемі назарда ұстауымыз керек. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын бейнелейтін ерекше құнды белгілерді құрметтейік»,- деді Диас Асылбекұлы.
Жиын соңында тиісті сала басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдеріне ұлттық нышандарды насихаттау жұмыстарын күшейту жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!