Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік қызметке қабылдау процесіне жеңілдік жасалды

06.08.2020, 10:45 404

HALYQLINE.KZ Президент жанындағы экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия пандемия кезеңінде денсаулық сақтау органдарында мемлекеттік қызметке тағайындауды және конкурстық рәсімдерді жеделдетіп жүргізу мәселесін пысықтау тапсырған болатын.

Бұл ретте карантин кезеңінде Үкіметтің әлеуметтік блогына жүктелген ағымдағы және алдағы міндеттерді ескере отырып, жеделдетілген конкурстық рәсімдерді халықты әлеуметтік қорғау (ағымдағы жағдайларда әлеуметтік шараларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерге байланысты) және білім беру (пандемия кезеңінде үздіксіз білім беру процесін сапалы ұйымдастыру жөніндегі міндеттерге байланысты) салаларындағы органдарға тарату туралы шешім қабылданды.

Конкурстық рәсімдердің мерзімін қысқарту осы органдардағы бос жұмыс орындарын жедел толтыруға мүмкіндік береді, бұл осы ведомстволарға жүктелген міндеттерді уақтылы орындауға ықпал етеді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің а.ж. 22 шілдедегі бұйрығымен конкурсты өткізу Ережесіне тиісті түзетулер енгізілді.

Мәселен, енгізілген түзетулерге сәйкес карантин кезеңінде денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым министрліктері, сондай-ақ әкімдіктердің денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту және білім беру саласындағы бөлімшелері лауазымдарына конкурстар өткізу мерзімі қысқартылды. Осылайша, конкурстық рәсімдер жиырма екі күннен төрт күнге дейін қысқартылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: