Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі – қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау. Бұл бағыт аталған саладағы заңнаманың сақталуын тексеру және байқау арқылы реттеледі.
Айта кетсек, өткен 2024-жылы департамент 52 бақылау іс-шарасын өткізіп, оның 6-ы – профилактикалық бақылау, 9-ы – жоспарлы тексеру, 27-сі – жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары негізінде, 10-ы – мемлекеттік органдардың хабарламалары бойынша тексеру болып табылады. Тексеру қорытындысымен 3 222 бұзушылық анықталып, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзудың 166 фактісі, қызмет көрсетуден бас тарту мерзімін бұзудың 7-і, қызмет көрсету тәртібін бұзудың 2491-і, қызмет көрсетуден негізсіз бас тартудың 15-і, артық құжаттар талап етудің 62-сі, құжаттар топтамасы толық болмай қызмет көрсетудің 25-і, қызмет берушінің қағидада көзделген жұмыс кестесін сақтамауының 442-сі, біліктілік арттырғанын растайтын құжаты (сертификаттар, дипломдар және басқалар) болмауының 1-і және өзге де бұзушылықтардың 13 фактісі тіркелген.
Бақылау нәтижесі бойынша 30 ұйғарым енгізіліп, оның аясында 79 нұсқау мен ұсыным берілді.
Ал мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша 80 өтініш түсіп, 27 өтініш бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілді. Негізді жүгінгендердің ішінен 8 қызмет алушының дәлелдері расталып, құқығы қалпына келтірілді және қорғалды.
Мемлекеттік органға сұрау салу арқылы 9 қызмет алушының дәлелдері расталып, құқығы қалпына келтірілді.
Рұқсат құжаттарын беру мерзімі мен тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 465-бабы бойынша 30 әкімшілік хаттама толтырылып, 1 476 800 теңге көлемінде айыппұл салынып, толық төленді. Тәртіптік жауапкершілікке мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 102 қызметкері тартылды (ЖАО – 86, ОМО АБ – 16).
Айта кетейік, жыл басынан бері департамент 16 қызмет алушының құқығын қорғап, қалпына келтірді. Бұл департаменттің негізгі басым бағыттарының бірі болып, алдағы жылдарда әрі қарай жалғасын табады.
Егер сіздің мемлекеттік қызмет алуда құқығыңыз бұзылса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне шағымдануыңызға болады.
Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, 1.
Байланыс нөмірлері: 8 (7242) 70-56-36, 70-00-40.
Н.Сүлейменов
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Қызылорда облысы бойынша департаменті
Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!