Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік кеңесші қызметі тарих қойнауына кетпек

20.01.2026, 14:17 39

Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесінде елеулі институционалдық өзгерістер болатынын мәлімдеді. Президенттің айтуынша, қолданыстағы саяси модель нақты қажеттілікке қарай қайта құрылып, бірқатар лауазымдар мен аппараттық құрылымдар таратылмақ.

— Жұмыс істеп тұрған Парламенттің қызметін қамтамасыз ететін аппараттық құрылымның бір бөлігі, сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші лауазымы таратылуға жатады. Президент әкімшілігінің функционалы, құрылысы және оны басқару жүйесі іс жүзіндегі қажеттілікке орай реформаланады. Әрине, бірқатар елде вице-президент лауазымы бар екені сіздерге белгілі. Біздің жағдайда аталған лауазымды бекіту мемлекетті басқару процесін тұрақтандырады. Сонымен қатар билік тармағына қатысты түпкілікті нақтылық енгізеді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің бұл мәлімдемесі саяси басқару тетіктерін ықшамдап, жауапкершілікті нақтылау арқылы билік жүйесін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған қадам ретінде бағаланып отыр. Мемлекеттік кеңесші лауазымының жойылуы мен Президент Әкімшілігінің реформалануы — елдегі саяси архитектураның түбегейлі қайта қаралып жатқанын аңғартады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: