Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

18.03.2026, 15:45 50

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады.

Кездесу барысында Президентке компанияның өткен жылғы жұмыс қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды. Сондай-ақ ұлттық компанияның өндірістік көрсеткіштері, даму бағыты және алдағы міндеттері жөнінде мәлімет берілді.

Қабылдау қорытындысында Мемлекет басшысы ресурстық базаны одан әрі дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және әлеуметтік бастамаларды жүйелі түрде іске асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

«Қазатомөнеркәсіп» еліміздің стратегиялық маңызы жоғары компанияларының бірі саналады. Сондықтан бұл кездесу ұлттық компанияның алдағы даму бағдары мен саладағы басым бағыттарын айқындау тұрғысынан маңызды болды.

Фото: Ақорда

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: