Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекет басшысы Ливан президентіне көңіл айтты

05.08.2020, 17:30 383

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан президентіне Бейрутте болған жарылысқа байланысты көңіл айтты.

«Бүгін Ливан Президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесіп, Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірдім», – дейді Президент Twitter желісіндегі парақшасында. 

Тоқаев Ливан Президенті осындай қиын-қыстау кезеңде қолдау білдіргеніміз үшін алғыс айтып, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде бергенін айтты. 

Еске салайық, Бейрутта 4 тамызда кешке жойқын жарылыс болып, Ливан астанасындағы ғимараттардың жартысы зардап шекті. Ливанның премьер-министрі Хассан Диябтың айтуынша, жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: