Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды» делінген құжатта.
Нұрлан Ноғаев 1967 жылы 30 шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.
1996-2006 жылдары – «Қазақтүрікмұнай» ЖШС маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор.
2006 жылдың ақпан айынан бастап «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның атқарушы директоры. 2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2012 жылдың 20 қаңтарында мемлекет басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
2016 жылғы 26 наурыздан – Атырау облысының әкімі, 2019 жылдың 17 маусымында осы қызметке қайта тағайындалды.
2019 жылдың 18 желтоқсаны – Қазақстан Республикасы Энергетика министрі.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!