Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Макроэкономикалық көрсеткіштер орындалған ба?

09.09.2022, 18:00 358

HALYQLINE.KZ Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарлары Жасұлан Еспенбет пен Арнұр Нұрмағанбетов ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің 9 айымен орындалуы бойынша сала басшыларымен мәжіліс өткізіп, орындалу болжамы талқыланды.

Мәжіліс қорытындысымен сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Айта кету керек, 7 ай қорытындысымен ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2 есеге артып, 9,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі шаруашылықтардың күріш ақтау есебінен 167,0 пайызға орындалып, 5,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 126,7 пайызға артып, 4 млрд. 445 млн. теңгені құрады. Өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4,6 млрд. теңгеге орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,1 пайызға орындалды. Тұрғын үй көлемі 13 470 шаршы метр болатын 92 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 198,4 пайызға артқан. Бөлшек сауда көлемінің көрсеткіші 1 127,2 млн. теңге болып, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 101,8 пайызға орындалды.Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд. 636 млн. теңгеге орындалып, 2021 жылдың 7 айымен салыстырғанда 104,3 пайызға артты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: