Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәжіліске үш партиядан қанша адам барады?

12.01.2021, 11:30 443

HALYQLINE.KZ

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарып, ол бойынша үш саяси партияның ие болған депутаттық мандат санын жариялады.

ОСК жариялаған сайлау қорытындысы бойынша, Мәжілістегі депутаттық манданттар былай бөлінді: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясына – 10 мандат.

Айта кетейік, сайлауда Қазақстан Халық партиясы 9,10 пайыз,

«Nur Otan» партиясы – 71,09 пайыз,

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29 пайыз, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,95 пайыз,

«ADAL» саяси партиясы 3,57 пайыз дауыс жинаған еді.

Кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың алдын ала қорытындысын жария еткен болатын.

Сонымен қатар, саяси партияларға сайлаушылар тарапынан қанша дауыс берілгені анықталды.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдеріне 11 919 241 азамат енгізілді. Берілген бюллетеньдер – 7 539 280.

Белгілі болғандай, саяси партияларға берілген дауыс саны 7 241 562-ге жетті. Соның ішінде:

Қазақстан Халық партиясына – 659 019 (9,10 пайыз),

«Nur Otan» партиясы – 5 148 074 (71,09%),

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 383 023 (5,29 пайыз),

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 792 828 (10,95 пайыз),

«ADAL» саяси партиясы 258 618 (3,57 пайыз) дауыс жинады.

Дереккөз: Abai.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: