Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәжіліс депутаты тың жобалармен танысты

02.07.2024, 16:45 198

Күні кеше мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Шиелі ауданына арнайы жұмыс сапарымен келіп, «Ауыл аманаты» жобасының игілігін көріп отырған кәсіпкерлермен кездесті.

Кездесу барысында депутат Шиелі кентінде орналасқан «Шиелі құс еті» кәсіпорнына барды. Құс өсіруші Құрманбаева Гүлзада ауыл шаруашылығы кооперативін ашып, 27,8 млн теңгеге жеңілдетілген несие алған. Бүгінгі таңда 3 құс үйі орнатылып, онда 4500 дана тауық бар. Сонымен қатар, ауданды тауық етімен тиімді бағада қамтамасыз етіп отыр.

Мұнан соң Мұрат Әбенов СПК «Айдын 777» қабырға блоктарын өндіру зауыттының жұмысын көрді. Өнім қазіргі таңда аудан орталығында тиімді бағада нарыққа шығарылуда. Жоба аясында ауданда СПК «Айдын 777» құрылып, мемлекет тарапынан қолдау тауып, 27,2 млн (жиырма жеті миллион екі жүз мың) теңге қаражат бөлінген болатын. Мәжіліс депутаты жоба аясындағы жұмыстарды оң бағалап, кәсіпті дамытуды, үздік тәжірибелерді батыл жасауды тапсырды.

Сондай-ақ, кенттегі көркейту-көгалдындару жұмыстары барысында қолданылған тамшылатып суғару әдісін көрген мәжіліс депутаты таңданысын жасырмады.

Мұнан бөлек, Мұрат Әбенов жеке кәсіпкер Бағлан Сейітмұратов ашқан ауданымыздағы алғашқы кинотеатрға барып, кәсіпкердің алдағы жұмысына сәттілік тіледі, әрі ел үшін жасаған еңбектің міндетті түрде қайтарымы болатындығын айтты.

Келесі кезекте мәжіліс депутаты гидротехник, су саласының ардагері Әлияр Сейітовтың №21 бекетте орналасқан алма бақтың жұмысымен танысты.

«Бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір» деген нақылды өмірлік ұран еткен ағамыздың бау-бақшасы жайқалып өсіп келеді. Әкесінің ізімен осынау кәсіпті жанына серік еткен кейіпкеріміз «Р-7» каналының 245-ші бекетінде орналасқан алма бақты 2014 жылы еккен. Жарты гектар жерді өңдеп, 135 түп көшет отырғызған.

2014 жылдан Р-7 каналының 245 бекетіне 0,5 га жерге 135 алма ағашының 4 сортын егіп, қазіргі таңда 100 пайызы өсіп тұр. Атап айтқанда, «Крепсн», «Голден», «Белый налив», «Достар» жер аумағына 135 түп алма ағаштарының сорттарын «Клен», «Қараағаш», «Ясина» ағаштарды және «Панская роза», «Кан», «Гвоздика» гүлдерін жылда егеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: