Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

МӘСҚ жаңа тариф әзірледі

27.07.2020, 12:05 530

HALYQLINE.KZ Медициналық ұйымдарға коронавирустық инфекцияны диагностикалаумен, емдеумен және оның асқынуларымен байланысты барлық шығындарды өтеу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациенттің жағдайының ауырлығын ескере отырып жаңа тариф әзірледі.

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөз сөйлеген МӘСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежановтың айтуынша, «COVID-19» жеңіл дәрежелі бір пациентті емдеуге 292,6 мың, орташа – 446,1 мың, ауыр науқасты емдеу 1,5 млн теңге жұмсалады. Ауыр дәрежедегі науқастың еміне МӘСҚ бір пациент үшін 1,7 млн теңге төлейді. Жедел жәрдем тарифінің құрылымында жеке қорғану құралдарына жұмсалатын шығындар орта есеппен 40%-ға артты. «COVID-19» және пневмониясы бар пациенттер үшін стационарлық және амбулаториялық деңгейде емдеу мен диагностика тегін көрсетіледі.

– Көптеген қазақстандықтар аурудың өсу кезеңінде коронавирус пен пневмонияның диагностикасына, еміне және дәрі-дәрмегіне кеткен шығынын ескере отырып, Қор инфекциядан кейін оңалту қызметін қаржыландыру туралы шешім қабылдады. Халықтың оңалту қызметіне деген қажеттілігі бүгінде өте жоғары. 1406 байланыс орталығына осындай көптеген сұрақтар келіп түседі, сондықтан Денсаулық сақтау министрлігімен бірге Қор сырқаттан кейін пациенттерге ем жүргізу алгоритмдерін әзірлеуде. Біз емхана деңгейінен бастап Оңалту орталықтары мен санаториялық-курорттық ұйымдарға дейінгі барлық деңгейдегі көмек түрлерін қарастырамыз, – деді Б.Төкежанов.

Қаржыландырудың жоспарланған көлемінен медициналық сақтандыру қоры жыл соңына дейін 1,4 млн теңге, шығыс есебінен мобильді бригадалардың жұмысына шамамен 7,7 млрд теңге жұмсайды. Қазірдің өзінде өңірлерде емханалар мен отбасылық амбулаториялар жанынан 3 мыңнан астам осындай бригада құрылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: