Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәслихат төрағасы – Шиелі ауданында

27.02.2025, 15:50 58

Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов жұмыс сапарымен Шиелі ауданында болды.
Алдымен Тартоғай ауылына барып, облыстық мәслихат депутаттары Ж.Ысқақ, Д.Жұмбеков, аудан әкімінің орынбасары Б.Сағындықов аудандық мәслихат төрағасы М.Тұрабаев және мәслихат депутаты Д.Әубәкіров, «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Б.Сыздық және ауыл әкімі А.Ахметовпен бірге ауыл тұрғындарымен кездесті.


Кездесуде облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов аймақ басшысының бастамасымен облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, алдағы атқарылатын жобаларға тоқталып өтті.

  • Бүгінгі кездесуіміз тұрғындарды өңірімізде жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалармен таныстыру. Кездесу халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, әрбір тұрғынның көкейінде жүрген ұсынысын тыңдауға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаттарымен, жергілікті атқарушы органдармен бірге халықтың тұрмыс деңгейін, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды бірлесе атқаратын боламыз, – деді облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов.

  • Тұрғындар ауылдағы газ, мектепке жүргізілетін жөндеу жұмыстары, спорт кешенін салу сияқты ұсыныстарын айтып, аймақ басшысының атқарған жұмыстарына ризашылық білдірді.
    Айта кетсек, халық қалаулылары тұрғындармен кездесуден кейін Ш. Есенов атындағы №153 мектептің жай-күйімен танысты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: