Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кұқығынан айырылса да көлікке қайта отырған

10.03.2022, 16:30 329

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны 2019 жылы 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылса да, мас күйінде көлік тізгініне қайта отырған.

6 наурыз күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерімен Келінтөбе ауылының  көшелерінің бірінде жеңіл автокөлік тоқтатылған. 39 жастағы жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болған. Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің бұрын сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталған. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Қазіргі таңда құқық бұзушы Жаңақорған АПб-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

         Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: