Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коронавирус: Қызылордалықтар дүрлігуде. Ресми орган әлі үнсіз

29.01.2020, 11:54 1690

Бүгін әлеуметтік желілерде «қызылордалық тұрғын Қытайдан шыққан коронавирусын жұқтырды» деген ақпарат шықты. Тараған мәліметке сүйенсек, Евгений Ли есімді қызылордалық тұрғын 28.01.2019 жылы сағат 20-02-де ауруханаға түскендігі туралы мәлімет жазылған. Ауруханаға түскен кездегі диагнозы ретінде «Жедел респираторлы вирусты инфекция, орташа ауыр ағымы. Коронавирус?» деп көрсетілген.

Әзірге тиісті жауапты сала өкілдері ресми ақпарат таратпай отыр. Дегенмен, Қызылорда облысының тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғалия Бәйменова:

Қызылорда қаласында коронавирусты инфекцияны тіркеу бойынша әлеуметтік желілерде таратылатын ақпарат фактісі бойынша, ағымдағы жылдың 28 қаңтарында 18:37-де Қызылорда облысының жедел жәрдем қызметіне жалпы дене қызуының жоғарылуы, басының ауруы мен әлсіздік шағымы бойынша қоңырау келіп түскен. Қабылданған іс-қимыл алгоритміне сәйкес науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Эпидемологиялық анализі және лабороториялық көрсеткіштер бойынша ЖРВИ, орташа ауыр ағымы диагнозы қойылған. Тұмау нәтижелері бойынша зерттеу нәтижелері теріс. Қазіргі таңда науқастың жағдайы орташа қалыпта. Науқастан вирусологиялық сынамалар алынып, короновирустың бар-жоғы анықтау үшін зерттеуге жіберілді. Науқасқа алгоритм бойынша симптомдық ем тағайындалып, ошақты індетке қарсы алдын алу шаралары жүргізілуде. Әлеуметтік желі қолданушыларының назарына республика және облыс көлемінде диагноз нақтыланған жағдай анықталмағандығын жеткізе отырып, дабыл қағуға негіз жоқтығын хабарлаймыз. Бұл сол елдерден келген азаматтар арасында сақтық шараларын күшейту мақсатында қабылданған алгортимге сәйкес іс-қимыл, – деп пікір қалдырған.

Алайда біршама уақыттан кейін департамент басшысы пікірін өшіріп тастаған. Жергілікті БАҚ ресми ақпаратты қайдан аларын білмей дал.

Бүкіл басшының аты аталып, коронавирус індетіне күдікті науқас анықталды деп ватсап желісінен белгісіз ақпарат тарап жатыр. БАҚ өкілдері таңертеңнен бері осы жағдайға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасынан нақты ақпарат күтіп отыр! Созбалаңға салған сайын үрей мен күдік арта беретіні белгілі! Жеделдік қайда салаға жауапты басшылар? – деді «Qazaqstan» ұлттық арнасының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Әділбек Жақанов.

Таңертең тараған ақпаратқа байланысты жергілікті билік әлі нақты жауап берген жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: