Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Консультациялық кеңес отырысы өтті

01.04.2026, 7:05 31

Қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның» кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілуі және оларға көрсетілген медициналық қызмет туралы мәселелер қаралып, талқыланды.

Сонымен қатар, қылмыстық — атқару жүйесі мекемелерінде өндірісті кеңейтуге кәсіпкерлерді белсенді тарта отырып, сотталғандардың еңбекпен қамтылуы туралы мәселелер қаралды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: