Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселесі қаралды

11.02.2025, 18:40 46

HALYQLINE.KZ

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру мәселелері қаралды. Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл облыста 190 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Үкіметтің Жол картасына сәйкес күріш егісі 80 900 гектар болып бекітілді. Қосымша 5 мың гектар күрішті қашыртқы сумен, жерді лазерлік тегістеу арқылы үнемделген сумен суару көзделуде. Ауыл шаруашылығы құрылымдары тұқыммен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Қажетті 64 600 тонна тыңайтқыштың 11 300 тоннасы – отандық өнім.

Шаруашылықтар есебіндегі 4046 техниканың 82,2 пайызы жөндеуден өтті. Қалғаны 1 наурызға дейін 100% дайын болады. Энергетика министрлігі 10 мың тонна дизель отынын бекітті. Бүгінде жеткізуші операторлар айқындалып, ақпан айына бөлінген дизель отынына төлем жүргізілуде. Жоспарланған егіс көлемі Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясы отырысынан кейін қайта нақтыланбақ.

Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруда және салаға озық технологияларды енгізуде бірқатар шара атқарылуда. Егін, мал шаруашылығы саласындағы субсидиялау процестері «ГосАгро» порталы арқылы онлайн жүргізілуде. Жер учаскелерін сату, жалға беру веб-портал арқылы электронды түрде өтеді.

Саланы цифрландыру, жаңа жобаларды жүзеге асыруда шетелдік компаниялармен бірлескен жобалар іске асырылуда. «Ер-Әлі» шаруа қожалығы күріш алқаптарын суаруды цифрландыру, су шығынын азайту үшін аустралиялық «Рубикон Уотер» компаниясының автоматтандырылған су өлшеу жабдықтарын орнатты. Бұл арқылы суармалы су көлемін 20 пайызға дейін үнемдеуге, өнімділікті арттыруға қол жетті.

Аталған компаниямен бірлесіп, облыс аумағындағы егіс алқаптарының 60 пайызын сумен қамтамасыз ететін «Сол жаға магистралды каналына су бөлуді және есепке алуды цифрландыру» жобасы қолға алынды. Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өтуде. Егін шаруашылығын цифрландыру бағытында «Абзал и К» толық серіктестігі құны 1 млрд теңге, қуаты сағатына 12 тонна цифрлық күріш өңдеу зауытын биыл іске қосады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: