Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кезектен тыс сессия өтті

25.12.2025, 8:50 18

HALYQLINE.KZ

24 желтоқсан күні Қызылорда қалалық мәслихаттың кезектен тыс 46-сессиясы өтті. Сессияға қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық етті. Бұл туралы аталған мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сессияның күн тәртібінде «2026-2028 жылдарға арналған қалаға қарасты кент және ауылдық округ бюджеттерін бекіту туралы», «2025-2027 жылдарға арналған Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтердің бюджеттерін бекіту» Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелері шығарылып, талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова хабарлама жасап, сауалдарға жауап берді.

Бюджет жобасына сәйкес қалаға қарасты кент, ауылдық округтер қаржыларын Қызылжарма, Қарауылтөбе, Ақсуат ауылдық округіне жарық шамдар орнатуға, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына, қураған ағаштарды кесуге және балақтауға, аяқ су айдайтын насостарды күтіп-ұстауға, спорт алаңдарын ұстауға, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын салу және реконструкциялауға бағыттау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау барысында Белкөл кенті клубының ауызсу және кәріз желілерін жүргізуге, Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай мәдениет үйінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржыларды бағыттау жоспарлануда.

Сессия қарауына шығарылған мәселелерді қарау барысында депутаттар тарапынан бірқатар ұсыныс айтылды. Атап айтқанда, ауылдық округтердегі (Талсуат, Қызылөзек, Ақсуат) аяқсу мәселесін шешу, ауылдық округтерге қатынайтын қоғамдық көліктердің қатынау аралығын жиілету, «Жол картасы» бағдарламасына енгізілген мәселе Белкөл кентіндегі мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, аяқсу мәселесін шешу, мүмкіндігі шектеулі балалардың іс-шараларға қатысуына бағдарламалар аясында қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру.

Сессия отырысына қала әкімінің орынбасарлары, тиісті басқарма, департаменттердің жауапты өкілдері, қалалық кірістер басқармасы, қалалық дербес бөлімдердің басшылары, кент және ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия қарауына шығарылған барлық мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия жұмысы «Youtube» (ютуб) арнасы арқылы тікелей эфирден көрсетілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: