Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Жогорку Кенеш депутаттарын кезектен тыс сайлауды 2025 жылғы 30 қарашаға тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді. Жарлыққа сәйкес, сайлау Қырғызстан Конституциясының және «Президент пен Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау туралы» конституциялық заңның нормаларына сәйкес өткізілмек.
Орталық сайлау комиссиясына сайлау науқанын ұйымдастыру, соның ішінде қашықтан дауыс беру жүйесін енгізу тапсырылды. Ал Министрлер Кабинетіне қажетті қаржы бөлу, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жүктеліп отыр.
Сондай-ақ халықтың бірыңғай мемлекеттік тізіліміндегі деректерді нақтылап, сайлаушылардың дұрыс тізімін қалыптастыру міндеті қойылды. Жарлық ресми жарияланған күннен бастап күшіне енді.
Фото: aa.com.tr
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!