Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Тасбөгет және Белкөл кентінің тұрғындарына онлайн форматта есеп берді. Есептік кездесуде шаһар басшысы тұрғындардың сауалын тыңдар алдында қаланың және кенттердің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен жыл көлемінде қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен жылы 17,5 шақырым болатын 15 көшеге малта тас төселіп, 3,6 шақырымға созылған 3 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген Тасбөгетте бұдан бөлек 5 көше жарықтандырылып, спорттық жаттығу және стритбол алаңы салынды. Кентке қарасты «Сабалақ» саяжайына ауызсу желісінің екінші кезеңін жүргізуге, 17,6 шақырым электр желісін тартуға қаржы қаралды.
Ал, Белкөл кентінде 2020 жылы 6 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, кварталаралық жылу жүйелері жаңғыртылды, «Балапан» балабақшасы күрделі жөндеуден өтіп, Зеленая көшесінің 1,6 шақырымына түнгі жарық шамдары орнатылды. Кентке қарайтын Бірқазан елді мекенінің кіреберіс жолы жөнделіп, ауылда балалар ойын алаңы салынды.
Есептік кездесуде сөз алған кент тұрғындары атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, қала әкіміне алғыстарын жеткізді. Сондай-ақ, биыл жұмыс қарқыны жоғары деңгейде жалғасын тапса деген тілектерін жетізді.
Өз кезегінде қала әкімі қос кентте де жұмыс қарқыны бәсеңдемей, кезегін күткен мәселелер жұмыс жоспарына сай жүзеге асыралатындығын айтып, биылғы жұмыс жоспарымен де бөлісті.
Мәселен, берекелі бастамалар бастау алып, жарқын жобалар жүзеге асқан белкөлдіктердің сұрауы болған теміржолдан өтетін аспалы көпірдің құрылысы ағымдағы жылы аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілетіндігін атап өтті. Есепте белкөлдіктердің тағы бір тілегі кент тұрғындары арасында теміржолдың арғы беті аталып кеткен аумақтың ауызсу жайы болды. Бұл сауалға қала әкімі аталған амақтағы 200-ге тарта тұрғын үйді ауызсумен қамту жоспарға енгендігін айтып, жыл соңына дейін мәселе толығымен өз шешімін табатындығын алға тартты.
Ал, соңғы 2 жылда 2 млрд теңге қаржы қаралып, тындырымды тірліктер атқарылған Тасбөгетте биыл жол жөндеу жұмыстары мен көшелерді жарықтандыру басты назарда болады.
Суретті түсірген Н.Нұржаубай
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!