Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кадрлық өзгерістер таныстырылды

03.09.2025, 17:30 247

Бүгін шаһар басшысы Нұржан Ахатовтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай актив отырысы өтті. Жиында сайлау қорытындысымен Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі болып қайта сайланған Еркін Әбдірайханұлы Ахетов таныстырылды.

Өздеріңізге белгілі, осы жылдың 31 тамызында Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлау өткізілген болатын. Дауыс беру нәтижесінде сайлаушылардың басым дауысына ие болған Еркін Ахетов Қарауылтөбе ауылдық округ әкімі ретінде сайланды. Cайлау нәтижесін хабарлаған қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев округ әкіміне куәлік табыстады.

Қала әкімінің өкімімен қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы болып Еркен Ертуғанұлы Жантуғанов тағайындалды.

Еркен Ертуғанұлы 1985 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы «Қорқыт ата» әуежайы мекемесінде маман болып бастаған. 2013-2022 жылдары облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің футбол жөніндегі №6 спорт мектебінде әдіскер, жаттықтырушы-оқытушы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болған.

2018-2025 жылдары «Қазақстан әуесқой футбол лигасы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша лигасының директоры қызметін атқарған.
2025 жылдың наурыз айынан осы кезге дейін Жалағаш аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы қызметінде болды.

Ал, осы бөлімді басқарып келген Қайрат Мергентайұлы Есенгелдиев облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «Теннис спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры қызметіне ауысуына байланысты лауазымынан босатылған болатын.

Шаһар басшысы Қайрат Мергентайұлына өзіне жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде атқарып, саланың дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, Қызылорда қаласының ең жоғары марапаты «Құрмет грамотасын» табыстады.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына облыс бойынша 39 үміткердің арасынан 6 үміткер оқуға түскен болатын. Соның бірі қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дінмұхамед Мұратбекұлы Сырлыбаев. Осы ретте, қала әкімінің өкімімен аталған бөлімде сектор меңгерушісі қызметін атқарып келген Ердәулет Бекмұратұлы Мүбәрәк қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Ердәулет Бекмұратұлы 1996 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2019 жылы Халықаралық білім беру корпорациясын «Сәулет» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің статисі қызметінен бастап, әр жылдары осы бөлімнің бас маманы, қала әкімінің көмекшісі, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: