Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Экс-әкімнің қызы: «Іс бір жақты қаралды»

03.02.2021, 15:30 681

HALYQLINE.KZ Жеті жылға сотталған Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовтың туыстары үкіммен келіспейтінін жеткізді. «Әкеме негізсіз айып тағылды» деген Айдана Досмайылова сотта ешбір дәлел ескерілмегеніне наразы. Бұл туралы  КТК арнасы хабарлайды.

«Сот тек бір-екі куәнің еш дәлелі жоқ жалған көрсетпесін негізге алып, әкем мен ағамның ұсынған барлық ресми құжаттарына, бұлтартпас дәлелдеріне еш назар аудармады. Іс бір жақты қаралды. Біз оған наразымыз. Апелляциялық соттан ендігі кезекте әділдіктің орнауына біз ғана емес, Сыр өңірінің 90 пайызы үміт артып күтіп отыр», – деді Қ.Ысқақовтың қызы Айдана Досмайылова.

Айдана Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге мемлекеттік қызметкерлердің бір күндік жалақысын бөлу туралы бұйрықты әкесі бермегенін айтады. Өйткені Қуанышбек Ысқақов сол мезетте облыс әкімінің орынбасары лауазымында болып, қаржы мәселесін шешу құзыретіне ие болмапты. Ал талан-таражға түсті делінген 80 миллион теңге «Сыр мейірімі» қоры арқылы 4 фирмаға теңдей аударылып, қаражат мақсатты жұмсалған екен. Бірақ сотта бұл деректер құжат жүзінде делелденсе де,  судья оны назарға алмаған.

«Тек сөзінен сан мәрте тайқыған куәгерлердің айтуымен үкім кесті» – дейді Айдана Досмайылова.

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов екі орынбасары мен туысы және бір кәсіпкермен 80 миллион теңге қайырымдылық қаражатын жымқырды деп айыпталған. Былтыр наурыз айында ұсталған экс-әкім желтоқсанда 7 жылға сотталды. Ал орынбасарлары 6 жыл арқаласа, бауыры мен бизнесмен 5 жылға түрмеге жабылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: