Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ислам даму банкі Қазақстанға қомақты инвестиция салуға қол қойды

13.11.2024, 9:12 291

Бұл – банктің тарихындағы қаржыландырған ең көлемді жобасы.

Екі тарап Бакудегі БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында (COP29) тиісті келісімге қол қойған.

Осылайша, Ислам даму банкі Қазақстанның су саласына $1,15 миллиард инвестиция салуға дайын. Сондай-ақ, $3,5 миллион көлемінде өтеусіз грант та бөліп отыр.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жобаның маңызына тоқталып, экономикалық реформаға ықпалы тиетінін айтты.

– Мемлекет басшысы су саласына инвестиция тартудың маңыздылығын бірнеше рет атап көрсетті. Біздің алдымызда су инфрақұрылымын жаңғырту және болып жатқан климаттық өзгерістерге бейімдеу міндеті тұр. Ислам даму банкі сияқты беделді институттың қаржыландыруы елімізге деген жоғары сенімді, жүргізіліп жатқан инвестициялық саясат пен әлеуметтік-экономикалық реформаларды куәландырады, – деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.

Қаржы құйылатын жобаның бірінші кезеңі «Астана» су қоймасын толықтыру жобасынан бөлек, 4 жаңа су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 4 су қоймасын реконструкциялауды қарастырады. 115 каналды реконструкциялау мен күрделі жөндеу де осы жоба аясында жүзеге асады. Құрылыс жұмыстары Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Астана қаласында жүргізіледі деп жоспарланған.

Мұнан өзге жоба ИДБ мен Министрлік арасындағы Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Су және өзен бассейндерінің мәселелерін зерделеудегі техникалық ынтымақтастығын, су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы үшін ерте ден қою жүйелерін енгізуді бағалауды көздеп отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: