Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ішкі саясат басқармасының кеңейтілген мәжілісі өтті

18.03.2022, 15:45 470

HALYQLINE.KZ Бүгін «Достық» үйінде Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының кеңейтілген мәжілісі өтті. Оған арнайы облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай және облыс ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, волонтерлар, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат пен мәдениет бөлімдерінің басшылары және басқармаға қарасты мекеме қызметкерлері қатысты. Жиында басқарма басшысы Мира Жомартқызы өткен жылдың қорытындысы мен атқарылған жұмыстарға тоқталып, негізгі міндеттер туралы баяндама жасады.

– Былтыр ішкі саясат саласында үлкен өзгерістер орын алды. Құрылымның құрамы өзгеріп, жұмыс істеу шеңбері артты. Жаңа функциялар беріліп, жастармен жұмыс істеу және Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы және этносаралық қатынастар бөлімдері ашылып, бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет ресурстар бөлімдері біріктірілді. Атап айтқанда, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» және «Қоғамдық келісім» мекемелері басқарманың құрылымына еніп, «Рухани жаңғыру орталығы» коммуналдық мекеме ретінде қайта құрылды, – деді басқарма басшысы Мира Жомартқызы.

Қазалы ауданы әкімін орынбасары Дәурен Тілеумбетов пен Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және ұлтаралық қатынастарды дамыту мақсатындағы жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ, басқармаға қарасты мекемелер мен ұйымдардың өкілдері мінберде сөз сөйлеп, өз ұсыныстарын ортаға салды. Кеңейтілген отырыста «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» Қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы, «Тіл сақшысы» газетінің бас редакторы Сәдуақас Аңсат қазақ тілінің мәртебесін арттыруда ішкі саясат саласының рөлі маңызды екенін атап өтті. Жиын соныңда облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай Мемлекет басшысының Жолдауына айтылған міндеттерді жүзеге асыруда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: