Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Инвестиция тарту және күзгі жиын-терім науқанын сапалы аяқтау мәселесі қаралды

13.10.2025, 17:10 144

Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті.

Басқосуда ауданға инвестиция тарту және күзгі жиын-терім науқанын сапалы аяқтау бағытындағы жұмыстар кеңінен талқыланды.

Аудан әкімі күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштерді тұрақты бақылауда ұстауды, егінді ысырапсыз жиналуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, аудан экономикасына тың серпін беретін басты бағыттың бірі – инвестиция тарту мәселесі бойынша инвесторлармен тиімді байланыс орнату, жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Мәжіліс соңында сала басшыларына көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету, барлық жұмысты жүйелі ұйымдастыру жөнінде нақты міндеттер жүктелді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: