Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халықты адастыруға жол бермеуіміз керек – Ерлан Қошанов

13.09.2023, 15:25 366

HALYQLINE.KZ

Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов үкімет кулуарында Қазақстанда домбыраны харам дегендер мен мектепке хиджаб киіп келуге тыйым салуға қатысты пікір білдірді.

Журналистердің сөзінше, Ислам дінін ұстанушылар елімізде мектепке хиджаб киіп келуге тыйым салынғанына қатысты наразылық білдіруде. Олар бұл дін ұстанушылардың құқығын бұза ма деп сұрады.

«Менің ойымша, бұзбайды. Балалар кәмелеттік жасқа толған соң, өз жолын таңдауға құқылы», – деп жауап берді Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ ол домбыраны харам дегендерге де жауап берді. «Меніңше, бұл өте орынды сауал. Ғасырлар бойы қолынан домбырасын тастамаған бабаларымызды күнәһар қылғаны ғой, халықты адастыруға жол бермеуіміз керек» – деді Қошанов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкімет кулуарында елімізде мектепке хиджаб кию мәселесіне қатысты пікір білдірген. «Талап бойынша барлық оқушы мектепке мектеп формасымен келуі керек. Мұны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Бұл білім алуға тең мүмкіндіктер беру аясында жасалып жатыр. Осы тұрғыда ешқандай өзгеріс жоқ. Барлығы заң аясында және бекітілген талаптар аясында болады», – деді ол.

Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқушы қыздардың мектепке орамал тағып баруына қатысты туындаған мәселеге байланысты мәлімдеме жасаған болатын. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да Қазақстан мектептерінде хиджаб кию мәселесіне қатысты мәлімдеме жасаған.

 – Ата заңымызға сәйкес Қазақстанда дін мемлекеттен бөлінген. Сөз жоқ, мемлекет дін бостандығына кепілдік береді. Бірақ біз – зайырлы елміз! Сол үшін де мемлекеттік саясаттың барлық мәселелері діни пәтуалармен емес, азаматтық нормалармен реттеледі. Құқықтық-нормативті актілер әрбір оқушыға мектеп қабырғасында арнайы бекітілген форма киюді міндеттейді. Өйткені, білім беру ерекшелігі бірыңғайлықты талап етеді, – деді Аида Балаева.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: