HALYQLINE.KZ Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Шиелі ауданына барып, бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды аралады. Аймақ басшысы алдымен Сұлутөбе елді мекенінің ауыз сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасының жұмысымен танысты.
«Сұлутөбе елді мекенінің ауыз сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасы» жобасы аясында 184 дана көру құдықтары орнатылып, қыстақішілік 18,84 шақырым, тұтынушы тұрғын үйлерге дейін 9,02 шақырым ауыз су құбырлары жүргізілді. Бас мердігер – «Бақ-Береке 2030» ЖШС.
Облыс әкімі Талаптан ауылдық округінде орналасқан «Шиелі төрт түлігі» кооперативіне де барды. Кооператив 2016 жылы құрылған. Негізгі қызметі – сүт өндіру және өңдеу. Мүшелерінің саны – 35 адам.
2017 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы кооперативтің 21 мүшесі 64,5 млн теңге несие алып, 2017 жылдың қазан-қараша айларында 258 бас сүт бағытындағы мүйізді ірі қара мал алынды.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Байгеқұм ауылдық округіндегі клуб ғимаратына барып, ауыл ардагерлерімен кездесті. Бұл жерде аудан әкімі Қамбарбек Мүбараков облыс әкіміне ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын таныстырды. Елді мекендегі апатты жағдайдағы клубтың орнына жобалық құны 173,3 млн теңге болатын 150 орындық жаңа клуб ғимаратының құрылысы 2014 жылы шілдеде басталып, желтоқсанда пайдалануға берілген. Гүлшара Әбдіқалықова халыққа сапалы қызмет көрсету қажет екенін айтып, қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты санитарлық шараларды қатаң сақтауды жүктеді.
Облыс әкімі жұмыс сапар барысында Шиелі кентіндегі 18 пәтерлік 4 тұрғын үйдің құрылысын көрді. Құрылыс жұмыстарын «Жабдықтау» ЖШС жүргізуде. 3 қабатты тұрғын үйлердің құрылысына 709 млн 737 мың теңге бөлінген. Бұл жерде 2 бөлмелі 12 пәтер, 3 бөлмелі 6 пәтер салынып, ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтауды қажет екенін ескертті. Одан кейін, облыс әкімі «Мөлдір и К» ЖШС құс өсіру фермасының жұмысын көрді. «Құс өсіру фермасы» жобасының құны 165 млн. теңге құрайды. Ферма жұмысын 2016 жылы бастаған, қазіргі таңда 10 адам жұмыс істейді. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 33,5 млн теңге алып, құс фермасының 2-цехы іске қосылды. Бүгінгі таңда кәсіпорында тәулігіне 20 мың дана жұмыртқа өндіріледі. Алдағы уақытта ет бағытындағы құс өсіруді жолға қойып, жылына 65 тонна құс еті өндіріледі деп жоспарлануда.
Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова аудан әкіміне шағын және орта кәсіпкерлікті, отандық өнімді дамыту бағытында кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді, кәсіпорындарда санитарлық талаптардың сақталуын бақылауда ұстауды тапсырды.
Мұнымен қоса, облыс әкімі «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында А.Ясауии көшесіндегі аббаттандырудан өткен аллеяның және Жиделіарық елді мекеніндегі жаңадан салынған 150 орындық клубтың жұмысымен танысып, «Бастау» сауықтыру кешеніне барды.Ясауии көшесіндегіаллеяның ұзындығы 430 метр, ені 19 метрді құрайды. Аллеяда мәрмәр мүсінді макеттер, балалар ойын сауық алаңы орнатылған. Айналасы гүлмен көмкеріліп, абаттандырылған демалыс орнына айналған. Мемлекеттік бағдарлама аясында аббаттандыру жұмыстарына 49,2 млн.теңге қаражат бөлінген.
Ал, 2 қабаттан тұратын, 150 орындық клубтың құрылысына «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 177 млн 249 мың теңге бөлінген. Бас мердігер «ДаренСтройСервис» ЖШС әлеуметтік нысанды ағымдағы жылдың мамыр аянда пайдалануға береді деп жоспарлануда.
«Бастау» сауықтыру кешенінде ауыл жастарын спортпен шұғылдандыру мақсатында үлкен және кіші бассейн салынған. Бұл нысан 2018 жылы пайдалануға беріліп, қазіргі таңда 6 тұрғын жұмыспен қамтылған.
Жұмыс сапар аудан орталығына жақын аумақта орналасқан жеке шаруа қожалықтың егіс алқабында жалғасты. Шаруашылықта 4 гектар жерде тамшылатып суару әдісімен қызанақ егіледі.Сонымен қатар облыс әкімі аудандық емханаға барып, коронавирустің алдын алу және індетке қарсы вакцинаегу жұмыстарымен танысты. Аймақ басшысы қоғамдық орындарда карантин талаптары қатаң сақталу қажет екенін баса айтты.
– Әлемді жаулаған індеттің таралуы күшейіп, облысымыз «қызыл айммаққа» кіргенін жақсы білесіздер. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуы тұрғындардың вакцина алуына тікелей байланысты. Себебі, ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес коронавирусты жеңудің бірден-бір жолы – вакцинация. Осы орайда, ақпараттық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру маңызды. «Covid-19» инфекциясының таралуын алдын алып, әсіресе, қоғамдық орындарда адамдардың жиналмауын қадағалаңыздар, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!