Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Георгий лентасы – қазақтың «қарғы бауы»

11.05.2020, 15:37 1212

HALYQLINE.KZ –| «Георгий лентасының» тарихынан бастайық. 1769 жылы 7 желтоқсанда Ресей патшайымы Елизавета ІІ енгізген 4 дәрежелі Георгий даңқты орденінде пайда болған. Бұл орденмен 1917 жылға дейін әртүрлі шенділерді марапаттап келген. Соның ішінде, Орта Азияны жаулап алғандарды осы орденмен марапаттаған. Кейін Патшалық үкімет құлаған соң, бұл белгіге Кеңес үкіметінде тыйым салынған.

Ал 1943 жылы Кеңес армиясында Гвардия ордені тағайындалған. Ал Ресей 2000 жылы Георгий орденін әскери орден ретінде қайта жаңғыртып, 2005 жылдан бастап Георгий ленталарын Жеңіс күні қарсаңында тарату акциясы басталды. Сонда ешқандай да Кеңес армиясына қатысы жоқ лентаны 1941-1945 жылы болған соғыс белгісі ретінде тарату нағыз тарихи қателік болып табылады. Біз Патшалық Ресейдің белгісін ұлықтап, оны көлігімізге тағып, «соғысқа қатысқан ата-бабаларымызды еске алып жүрміз» деп мәз боламыз. Бұл – саяси ойын. Қырымды басып алған әскерилер осы белгіні тақты. Славянск, Одессадағы Ресейге қосылмақшы топтардың барлығы осы лентаны тағып алған. Бұл – Ресей империясын қайта жандандыру акциясы!


Әбдірәшит БӘКІРҰЛЫ,

философ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: