Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай қала әкімдігі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен “КазАймақГаз” мекемесі бірлесіп, тұрғындар арасында табиғи газды қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Газ қондырғыларын дұрыс пайдалану, улы газдан уланудың алдын алу, апатты жағдайлардың болмауына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған аралау жұмыстары тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыруға оң ықпал етті. Бұл өз кезегінде тұрмыстық жағдайда газбен байланысты төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған тиімді шара болып табылады.
Қауіпсіздік – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!