Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еврей фашизміне жол жоқ!

23.05.2025, 9:15 422

HALYQLINE.KZ

Халықаралық ақпарат құралдары мен көп елдің жетекші телеарналары Биньямин Нетаньяху басқаратын Израиль елінің Қарулы күштері ЦАХАЛ Палестина жерінде ойран салып жатқанын қатаң айыптауда. 2023 жылы 7 қазанда ХАМАС-қа қарсы шабуыл желеуімен бүкіл бейбіт араб халықтарына қысым жасылып жатыр. Аздаған үзілістермен жалғасып жатқан шабуыл Газа халқын әбден титықтатты. Бүгінде Газаның 5 млн халқының екі миллионы босқындыққа ұшырады. Қалғаны ашаршылықтан қырылу алдында. Газада бірде-бір сау ғимарат қалмады десе болады.

Израиль 2023 жылы 7 қазанда кең көлемді әскери науқан бастап, оның 42 күндік алғашқы фазасынан кейін Газаға гуманитарлық жәрдем жіберуді үзілді-кесілді тоқтатқан.

Біріккен Ұлттар Ұйымының палестиналық босқындарға жәрдемдесу және жұмысты ұйымдастыру Агенттігі (БАПОР) мен оның швейцариялық басшысы Филипп Лаццарини Газа секторының аса ауыр ахуалын айтып барынша шырылдап бағуда. Жаппай шабуыл салдарынан күн сайын Газада жүздеген адам құрбан болуда. Қазіргі таңда Израиль қоғамдық қысымның ықпалымен гуманитарлық көмек жасалуына рұқсат бергенімен, оның көлемін барынша шектеп отыр. Қысым жалғасуда.

Халықтың, оның ішінде шиеттей жас балалардың қырылуына итермелеу – бұл Израильдің жауыздығы! Бұл – іс жүзінде адамзатқа қарсы қылмыс!

АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде Израиль геноцидіне байланысты жүздеген мың адам қатысқан шерулер өтуде. Қазақстан ұстанымын білеміз: Газа секторындағы шиеленіске қатысы бар жақтарды мәселелерді күш қолдану жолымен шешуден бас тартуға шақырады. Бірақ бұл жеткіліксіз! Қазақстан Газадағы аштық қырғынының алдын алуға ықпал етуге тиіс!

Кезінде осындай сұмдықты сезген бе, Ходос Эдуард деген қаламгер «Еврейский фашизм, или Хабад – дорога в ад» деген кітап жазғанда атына таң қалғанмын. Ал қазір арабтарды қыру, туған жерінен ығыстыру, қолдан аштық жасау саясаты жүріп жатқанда еврей фашизмі бар екендігіне көзің жете түседі.

Еврей фашизміне тосқауыл қойылуы керек! Өз басым қарапайым мұсылман ретінде, Қазақстан азаматы ретінде Израиль мемлекетінен араб халқына қарсы геноцидті тоқтатуды талап етемін!

Марат Байділдаұлы (Тоқашбаев),

жазушы-публицист.

(Facebook-тегі парақшасынан алынды)

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: