Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ертеңгі күнге сенімнен туған Жолдау

01.09.2022, 16:35 452

Бүгін Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес VII шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жариялады.

Маңызды құжатта айтылған елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын әлдендіруге, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жаңа шешімдерді естіп қуандық. Президент біраз игі бастамалар туралы айтты. Әсіресе, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалар, жоспар-жобалар белгіленді.

Мемлекет басшысы Үкіметке денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырды.Сонымен қатар медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аударылатындығын жеткізді. Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі.

Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайтындығы жақсы жаңалық болды.

Жолдауда Президент келесі жылдан бастап ұлттық жобаны жүзеге асыруды тапсырды. Бұл жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, енді ауданаралық көпбейінді мекемеге айналады. Онда инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылады. Бұл төрт миллионнан астам адамға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттырады. Сонымен қатар, телемедицина бағыт дамып, сол арқылы шалғайда тұратын халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетілетін болады.

Қ.Тоқаев денсаулық сақтау саласы бәсекеге қабілетті болуы үшін дәрігерлер дайындау жүйесін жетілдіру қажеттігін атап өтті. Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникалар ашылады деді. Алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейетін болды.

Міне, Жолдауда осындай көкейге үміт ұялатып, құлшынысты арттырарлықтай маңызды басымдықтар айтылды, жаңа міндеттер жүктелді. Ендігі жерде Жолдауда айтылған әр тапсырманың жүйелі жүзеге асуына атасылысып, ұлт саулығы жолында сапалы қызмет етпек керек.

Динара Жанабергенова,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: