Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ертең референдум алдындағы «тыныштық күні» басталады

13.03.2026, 15:45 47

Астана қаласында өткен Орталық референдум комиссиясының отырысында 14 наурыздан бастап үгіт-насихат жұмыстары тоқтайтыны мәлім болды. Комиссия мүшесі Ләззат Сүйіндіктің айтуынша, заң талаптарына сәйкес референдум қарсаңындағы күн мен дауыс беру өтетін күні кез келген үгіт жүргізуге тыйым салынады. Бұл шектеу 14 наурыздағы «тыныштық күніне» және 15 наурыздағы дауыс беру күніне толық қатысты. 

Оның сөзінше, бүгін түнгі сағат 00:00-де үгіт кезеңі ресми түрде аяқталады. Сол сәттен бастап референдумға байланысты қандай да бір насихат жүргізуге жол берілмейді. Дегенмен дауыс беру орындарынан тыс жерлерде бұған дейін ілінген плакаттар мен өзге де баспа материалдары бұрынғы орнында сақтала алады. 

Комиссия отырысында қоғамдық пікірге сауал салу тәртібі де еске салынды. Қолданыстағы талаптарға сай, дауыс беру күні мұндай сауалдар учаскенің ішінде емес, тек шыға беріс тұсында ғана жүргізілуі мүмкін. Оның өзінде Орталық референдум комиссиясын алдын ала хабардар еткен заңды тұлғалар ғана мұндай жұмысқа құқылы. 

Сондай-ақ заңнамада дауыс беру күніне дейінгі бес күн ішінде және тікелей дауыс беру күні референдумға қатысты қоғамдық пікір сауалнамаларының нәтижелерін, алдын ала қорытындыларды немесе өзге де зерттеу материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн платформаларда жариялауға тыйым салынатыны атап өтілді. 

Орталық референдум комиссиясы өкілдерінің мәлімдеуінше, аталған талаптарды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес жауапкершілікке әкеледі. Еске салсақ, республикалық референдум 15 наурызда өтеді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: