Жалағаш кентінің тұрғыны Мейрамбек Мұстафаев 132 сайлау учаскесіне ең бірінші келіп дауыс берді.
– Бірде-бір сайлаудан қалыс қалған емеспін. Сағат 6.00-ден бастап келдім. Сайлауға келіп, өз таңдауымды жасау – азаматтық борышым деп білемін, – дейді Мейрамбек Ешпанұлы.
Айта кету керек, бүгін – Мейрамбек Мұстафаевтың туған күні.
Сайлау учаскесі тарапынан ең бірінші дауыс берушіге және туған күн иесіне арнайы сый-сыяпат табысталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!