Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Енді Мемлекеттік күзет қызметі Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді

02.06.2023, 8:40 568

HALYQLINE.KZ

«ҚР Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» ҚР Президентінің Жарлығына өзгеріс енгізілмек.

Ашық НҚА порталында жарияланған Жарлық жобасында жазылғандай, енді Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталмақ.

«Міндеттері – Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – делінген жаңа редакцияда.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде МКҚ-ден Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» ҚР Конституциялық заңының күші жойылуына байланысты алынып тасталып отырғаны көрсетілген.

Жарлық жобасы 14 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Президентке жолданады.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: