Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елбасымен не жайында сөйлестік?

15.05.2020, 16:00 513

HALYQLINE.KZ

Жақында Елбасы, Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескенімді білесің ғой, – деді Әбе (жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов – ред.) сырласқан сәттеріміздің бірінде. – Нұрсұлтан Әбішұлы үстелдің бір басында, мен екінші жағында отырмын. Әуелі кабинетіне кіргенімде күлімсіреп алдымнан шықты. Неге екенін білмеймін, тоқсан бестегі алақаныммен бетін сипадым. Інісін көптен көрмеген ағалар осылай өз көңілін білдіруші еді баяғыда… – Елбасыға ел мен жер, ауыл мектебі, саясаттағы тарихи тұлғаның тағдыры туралы айттым… Жеке басымның еш мәселесін көтерген жоқпын. – Нұрсұлтан шырағым, кәріліктің екі кемшілігі бар екен?… – Әбе, ол қандай кемшілік? – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. – Біріншісі, құлақ бұрынғыдай естімейді, екіншіден, белімнің құяңы бар. Нұрсұлтан Әбішұлы орындығын жылжытып, қасыма қойып отырды да: – Енді бәрін де естисіз, бәрін де көресіз, – деді… Баяғыда орыстың бір патшасы терезесін Еуропаға қаратып, сұлулығы көз тамсандыратын қала салып еді. Сен де ширек ғасырға жетпес уақытта есігі де, терезесі де күллі әлемге қараған сұлу қала салдың. Енді елді, ауылды да гүлдендіретін шақ келді. Бәрі өтеді, кетеді. Елбасының тірегі ел, шырағым!… Жазушы мен Елбасы ел мен жер, әдебиет пен мәдениет туралы ұзақ әңгімелесті. Нұрсұлтан Назарбаев қоштасарда көмекшілеріне, әкімшілік басшыларына тапсырмай, Әбені өзі қолтықтап лифтке дейін шығарып салды. -Саған толық айта алмаған Елбасы екеуміздің арамыздағы әңгімені өзім жазамын…,- деді Әбең қоштасарда.

Әбеңнің әдеті осындай. Өткір нәрселерді өзі айтқанды, өзі жазғанды ұнатады. Ұлылық осы болар! Бірер айдан соң Қазақстан Президенті өзінің отставкаға кететінін мәлімдеді.

Уәлихан Қалихановтың

ФБ парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: