Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ел Президенті Қостанай облысына барды

05.09.2022, 11:36 569

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына барды, – деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады», – делінген хабарламада.

Еске салайық, 2 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртенді. Өңірдегі өрт үшінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр. Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елді мекендеріне қауіп төнді.

4 қыркүйекте таңертең Аманқарағай ауылында үйінділерді тазалау кезінде 86 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды. Бас прокуратура Қостанай мен облыстағы өртте адамдардың қаза табуы бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: