АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйлық жолдады. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
Руслан Желдібайдың Telegram-дағы арнасында хабарлауынша, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов президент Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін екеуі аз-кем әңгімелескен.
Америка басшысы биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсерін бөліскен.
«Құрама Штаттар көшбасшысы Қазақстан президентіне жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты «халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам» деп сипаттады», — деді Руслан Желдібай.
Сондай-ақ АҚШ президенті мемлекет басшысына сый-сияпат жолдаған. Олардың арасында Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар.
Дереккөз: nur.kz
Фото: t.me/ruslanzheldibay
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!