HALYQLINE.KZ 6 шілдеде Елордада отшашу ұйымдастырылған еді. Әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында бұл шараны сынға алды.
«Ненің құрметіне салют атылып жатыр??? Коронавирусты жұқтыру бойынша бірінші орында тұрғанымыз үшін ұйымдастырылып жатыр ма? Адамдар оттегі бар баллон таба алмай жатқан кезде астанада отшашу ұйымдастырылып жатыр. Дәл осылай жалғастыра беріңдер, сонда келесі жылы тойлайтын адам қалмайды», – деп жазды Димаш Instagram парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасы 6 шілдедегі отшашу қала тұрғындарының көңіл күйін көтеруге, коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрған медицина қызметкерлерін қолдауға арналған деп мәлімдеген болатын.
Алтыншы шілдеде астана күнін тойлау отшашумен аяқталды. Отшашу орталық саябақ, ботаника бағы және Пушкин мен Абылайхан көшелерінің қиылысынан атылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!