HALYQLINE.KZ –| Халық карантинде отыр, бірақ депутаттар жұмыс істеп жатыр? Бұл қалай? Бұл депутаттарға жұқпайтын ерекше вирус па? Депутаттардың көбі маска да тақпаған, 2 метрлік қашықтық дегенді де сақтап жатқан жоқ, бір-бірімен қол беріп амандасып, қауқылдасып, құшақтасып жүр. Халыққа қойып отырған талапты өздері неге орындамайды? Сақтық шаралары үшін, жиналуға болмайтын болған соң ел қазір бір-бірінің үйіне кірмейді.
Ал депутаттар неге жиналады? Полиция да топырлап жүр. Олардың да біразында маска жоқ, біразы иегіне қыстырып алыпты. Дәрігерлердің айтуынша вирус иектен емес, мұрыннан кіреді. Бұл қалай болғаны? Соған қарағанда короновирус полицияға да жұқпайтын сияқты. Халыққа таңертеңнен кешке дейін азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға, т.б. да аса қажетті, шұғыл шаруалармен шығуға болады. Бірақ кешкі 19:00-ден кейін мүлдем шығуға болмайды. Сонда короновирус таңертеңнен кешке дейін бір жерде тығылып ұйықтап жатып, кешке далаға атып шыға ма?
Лязат Дүйсембекованың ФБ парақшасынан алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!