Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Депутат Абзал Құспан өзінің Бергей Рысқалиевпен қандай байланысы барын айтты (видео)

05.02.2025, 15:00 49

HALYQLINE.KZ

Мәжіліс депутаты, заңгер Абзал Құспан Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевқа қатысты пікір білдірді.

«Ол кісінің адвокаты болдым, мені онымен кәсіби қызметім ғана байланыстырады. Отбасымызбен араласамыз деп айта алмаймын. Рысқалиевпен 2019 жылы шетелде кездескенім БАҚ-та жарыққа шығып кетті. Негізінде оған дейін де, одан кейін ұдайы кездесіп тұрдық, Лондонда, Парижде. Мың томнан асатын орыс, қазақ тілінде жазылған іс болды ол кісіде. Сондағы ақпараттардың қайсысы қай томда екенін ағылшын әріптестерге айтып түсіндіріп отырдым», – дейді.

Депутат Абзал Құспан Бергей Рысқалиевқа тағылған айыптармен келіспейтінін айтты.

«Басқасын білмедім, Бергей Рысқалиевқа тағылған айыптар шеңберінде оны кінәлі, қылмыскер деп есептемеймін. Атырау халқының 90 пайызы, тіпті одан да асып кетуі мүмкін, Бергейді жақтайтынына сенімдімін. Кезінде ескі жүйеде саяси мәселемен қуғындалған», – деді депутат.

Абзал Құспанның ойынша, Рысқалиев елге оралғысы келеді, бірақ қазіргі жағдайда мүмкін емес.

«17 жылға соттау туралы үкімі бар, сол бұзылмайынша ол Қазақстанға келе алмайды. Меніңше, Рысқалиев елге келгісі келеді деп ойлаймын. Ол – ауылдан шыққан өте қазақы тұлға», – деді депутат.

Коллаж: ertenmedia.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: