Қазақстандық студенттер бұдан былай дипломды ғылыми жұмыс қорғамай-ақ ала алады. Яғни, бітіруші түлектер дипломдық жұмыстың орнына өзінің жүзеге асырылып жатқан жеке жобасын немесе ойлап тапқан туындысын ұсынуына болады. Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік стандартқа осындай өзгеріс енгізді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, университеттер енді түлектерге еңбек нарығында сұранысқа ие болатын қажеттіліктерді ескере отырып, барлық жалпы білім беретін пәндердің мазмұнын толық немесе ішінара өзгерте алады. Ал магистранттар мен докторанттар оқу траекториясын өздері таңдайды. Сондай-ақ, шетелдік тағылымдамадан өтуге болатын ұйымдарға қойылатын талаптар да қайта қаралды. Ендігіде магистранттар мен докторанттар жетекші ғылыми орталықтардан тәжірибеден өтеді.
Бұдан былай қазақстандық студенттер ғылыми жұмыс қорғамай-ақ диплом иелене алады
01.08.2022, 17:50 542
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!