Бір апта болды, әлеуметтік желіде, дастарқан басында Ресейдің Мемлекеттік Думасының депутаттары Никонов, Федоров, Жириновскийдің Тәуелсіздік күні қарсаңында «қазақ жерін Ресей мен КСРО кезінде қазақтарға сыйға бергенбіз, енді қайтарсын» деген сөздері қазақтардың ашу-ызасын тудырып жатыр. Ашуланғандары дұрыс деп санаймын, бірақ айтып жатқан сөздері ақталу, кібіжіктеу, өкпелеуден аспай отыр. Сөздері мынау: «Орыстар (яғни Путин) тарихты білмейді, тарихты оқымаған, ана ғалым, мынадай корифей тарихшыларды оқысын» деп ақылсынып жатыр.
Күлкің келеді, орыстар яғни Путин мен Дума депутаттары тарихты білмейді емес, жақсы біледі. Олар империяны аңсап, осы мақсатта сөзден іске көшіп жатыр. Шетелде тұратын орыстардың құқы бұзылса, оны қорғауға тиіспіз деген заң шығарып қойды, егер барлық дамыған елдер халықаралық заңдарды өз Конституциясынан жоғары қойса, Ресей өз заңдарын халықаралық заңдардан жоғары деп заң қабылдады.
Менің айтпағым мынау: Біз ешкімге ештеңені дәлелдеуге, олардың алдында ақталуға тиіс емеспіз! Тарих дәлелдеп қойған фактілерді қайталап айтудың қажеті жоқ.
Болды, жетті! Енді мемлекеттігіміздің, оның шекарасының жоқ болғандығы жайлы (өкініштісі сол, бұл сөзді олардың аузына салып берген бір адам бар) біреу аузын ашса, сол сәтте мемлекеттік деңгейде тойтарыс беру қажет! Тіпті дипбайланысты бұзуға дейін.
Сағат Жүсіп
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!