«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалыныда «Jas Otan» Жастар қанатының жиыны өтті.
Жиынға «Jas Otan» ЖҚ-ның облыстық филиал төрағасы Т.Тілес және ХҚО мамандары қатысты. Жиынның күн тәртібінде екі мәселесі қаралды. Біріншісі – «Jastar Otanga!» 2025 жылға дейінгі бағдарлама бойынша ұсыныстар жинау. Екінші мәселе бөлімшеге жаңа басшы сайлау болды.
Кездесуде екінші мәселе бойынша бөлімшенің жаңа жетекшісін сайлау жиыны өткізілді. Азаматтарға арналған үкіметтің облыстық филиал басшылығының ұсынысымен және дауысқа салу шешімімен Бекбол Қаратайұлы бөлімше басшысы болып сайланды.
Осы уақытқа дейін бөлімше басшысының қызметін абыроймен атқарған Дастан Әлижанұлына алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!