Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Біз өзі қандай елде тұрып жатырмыз?

15.12.2020, 11:00 510

HALYQLINE.KZ Біз өзі қандай елде тұрып жатырмыз? Түсініксіз. Өйткені мен әлемнің өркениетке аяқ басқан біраз елінде болдым. Тіпті біраз жыл өмір сүрдім. Сонда байқағаным кез келген елде сол ұлттың ана тілі бірінші орында тұрады. Ол тілді білмесең сен ешкім емессің. Ешқандай қызметте, жұмыста жоқ. Тіл білу шарт.

Ал, бізде ше? Керісінше! Мемлекеттің айнасы болуға тиіс Үкіметтегі министрлердің, парламентте отырған депутаттардың, әкім-қаралардың, сондай-ақ өзгеде құзырлы орындарда отырған шенеуніктердің 70-80 пайызы – ана тілін яки Конститутцияда Мемлекеттік тіл деп көрсетілген қазақ тілін білмейтіндер. Бұл – трагедия ма, трагедия! Бұдан өткен сорақылық жоқ шығар.

Бұған өзін тілін білмейиін қаракөз қандастарымызды қосыңыз. Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылға аяқ бассада «өзге елде өмір сүріп жатырмын, нан сұрап жеу үшінде осы елдің тілін білейін» дейтін елімізде тұрып жатқан 4 миллионға тақау славян жұрты жоқ. Тәуелсіз мемлекет бола тұра мемлекеттік тілді сырттан келгендер тұрмақ, өз ішімізде баяғыдан тұрып жатқандарға мойындата алмасақ не болғанымыз? Намыстың жоқтығы, рухтың әлсірегені бұл.

Не істеу керек? Мұны ел болып ойлануға тиіспіз. Ең бастысы билік қазақ тілінде сөйлеуге тиіс! Сонда күрмеулі жіп шешіліп кетуі мүмкін. Ал, билік өзге тілде, Ресей тілінде сөйлей беретін болса, онда осы кеткеніміз кеткен, құрығанымыз құрыған!

Азаматхан Әміртай,

саясаткер

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: