Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бір партияның праймеризі бүкіл елдің саяси тынысын ашқан да жоқ!

05.10.2020, 9:10 723

HALYQLINE.KZ

«Нұр Отанның» ішкі сайлауы әділ өтеді деп сенген азаматтардың аңғалдығына қайран қалдым. Иә, праймериз партия үшін керек болған шығар, бірақ соның әділ өтетініне өз басым сенгем жоқ. 30 жыл бойы өзгермеген адам бір күнде өзгеруші ме еді? Бос қиялдың шегі ғой?

Белгілі бір науқанға қажетті адамдарын алдап-арбап, қолға түсіріп, сағыз секілді шайнап-шайнап, түкіре салатынын білмедіңіздер ме? Сасық ойынның құрбаны болды ғой талай адам! Қалай тез ұмыттыңыздар? 30 жылда Қазақ елінде өткен сайлаулардың бірде-біреуі әділ өткен жоқ! Алдына ала тағайындалған тізім бойынша өтеді кез келген депутат! Қасым-Жомарт Тоқаев та сайлаудың агитациясы кезінде өзі үшін үгіт жүргізген және өзінің симпатиясы бар персоналарды «в знак благодарности» сенатор қылып тағайындап жіберді емес пе? Ол персоналардың саяси біліктілігі, тұлғалығы Тоқаевты ойландырған жоқ! Тек өзіне ұнаса болды.

«Нұр Отанның» ішкі сайлауын біздің белгілі «бұлбұлдарымыз» «күллі Қазақ еліндегі саяси процеске жан бітірді» деп соғып жатыр. Кешіріңіздер, бір партияның праймеризі ішкі жұмыстарына өздері ойлағандай «оң реңк» берген шығар, бірақ бүкіл елдің саяси тынысын ашқан да жоқ! Тіпті әсер де еткен жоқ!

Тағы айтам! Алдағы Парламент сайлауына дейін партия ашуға ниет білдірген азаматтардың саяси құқықтары ескеріліп, ресми түрде тіркеуден өтіп, олар Парламент сайлауына қатысуы керек! Жанболат Мамай болсын, Балташ Тұрсымбаев, «Республика», «Оян, Қазақстан» болсын, басқа болсын, бәріне «карт-бланш» берілуі тиіс!

Дина  ЕЛГЕЗЕК,

қоғам  белсендісі.

Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: