Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Білім және ғылым министрлігін екіге бөлу керек»

25.07.2020, 11:00 469

 HALYQLINE.KZ  Білім және ғылым министріне қатысты әлеуметтік желіде сан алуан пікірлер қаптап жүр екен. Даттаушылардан гөрі жақтаушылар көп. Ол заңды да.

Өйткені соңғы уақытта еліміздегі бес жүз мыңнан асатын ұстаздардың мүддесін қорғайтын “Педагог мәртебесі туралы” заң қабылдануына, Ұлттық Әліппенің қайта оралуына тікелей мұрындық болған, әлеуметтік желіде білімге қатысты өз ойларын ашық айтып жүрген, өз тілінде мүдірмей сөйлейтін, жиналыстарының басым көпшілігін мемлекеттік тілде өткізетін бірден-бір жігерлі, ұлтжанды министр – осы азамат.

Ал оның жазған ғылыми жұмысына қатысты жұмысты сараптау үшін тәуелсіз сараптама комиссия құрылып, соның шешіміне байланысты министр өзі шешім қабылдай жатар.

Біз құқықтық мемлекет құрып жатқан елміз ғой. Бұрын да парламент қабырғасында айтып жүрміз, қоғамдағы ең ауыр салалардың бірі – білім және ғылым министрлігі. Осы саланы штат санын көбейтпей, қайта қысқарта отырып екіге Ағарту және кәсіптік білім беру министрлігі және Жоғары оқу орындары мен ғылымды дамыту министрлігі етіп бөлу керек. Бұл – заман талабы.

Мұрат Бақтиярұлының фейсбук парақшасынан алынды.

Пікірлер:
  • Өте дұрыс. Қолдаймын. Осы пікірді баспасөз бетінде белгілі ғалым, академик Уахит Шалекенов ағамыз да айтқан болатын. Қазіргі ресейлік жүйе де осы бағытта. Бұл мәселені аяқсыз қалдырмай, ғалымдарымыз қолдауы қажет.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: