Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Билік қорқып отыр ма?

16.10.2020, 10:15 828

HALYQLINE.KZ

Елімізде барық салада құлдырау бар. Оны жоққа шығаруға болмас. Дегенмен Үкімет экономикада тұрақтылық, тіпті өсім байқалады дегенді айтады. Қайдам?

Біздің байқағанымыз, нағыз тоқырау, дағдарыс қазір экономикада болып жатыр. Басқаны былай қойғанда бір ғана пандемияның кесірінен орта және шағын бизнес үлкен соққыға ұшырап жатқаны белгілі. Тіпті ірі кәсіпорындардың да шекесі қызып тұрғаны шамалы. Мұндайда қайдағы өсім? Сол секілді саясат сахнасында да тірлік оңға басып тұрғаны шамалы. Бір байқағанымыз, билік ТМД кеңістігінде болып жатқан (Белоруссия, Қызғыз елі) алас-күлес жағдайдан қорқып қалғанға ұқсайды. Өйткені халықтың тұрмысы төмен, күнкөрісі қиын. Төңкеріс болып жатқан елдерден үлгі алған халық көтеріліп кете ме деген үрей бар. Содан болар, билік тіпті мына індетті де (коронавирус) өз пайдасына жаратпақ болып жатқан сияқты. «Коронавирустың екінші толқыны келе жатыр, қараша-желтоқсанда күшіне енбек. Қажет десең осы індетпен ауырғандардың өзі қайта жұқтыруы мүмкін» деген үрейлі әңгімелерді жоғарғы мінберде отырғандар жиі айтатын болды.

Мұндай әңгіменің артында саясаттың сасық иісі мүңкіп тұрғаны белгілі. Өйткені алда парламент сайлауы келе жатыр. Онда тағы да «Нұр Отан» мен оның құйыршық партиялары ғана додаға түсіп, жұртты ызаландыратыны белгілі. Ал, аламанға түскісі келетін өзге қозғалыс, ұйымдардың партия болып тіркелуіне жол жоқ. Осыдан келіп халықтың толқуы, шерулетуі мүмкін. Себеп белгілі. Халық «Нұр Отанға» көнбейді. Ол партияның қарапайым халық ішінде ешқандай салмағы жоқ. Билік сайлаудан от тұтанып кете ме деп қорқады. Өйткені беларустағы, қырғыз еліндегі төңкерістер осы президент және парламент сайлауынан туындап отырғаны белгілі. Бізде де осы жағдай қайталануы әбден мүмкін. Билік осыдан қорқады. Сонымен қатар өздерін бізден жоғары санайды. Бұл – олардың үлкен кемшілігі…

Азаматхан  Әміртайдың  facebook-тегі  жазбасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: