Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Билік неге саяси қозғалыстардан қорқады?

02.03.2020, 13:27 502

Билік қазақтілді қозғалыстардан әм егер құрыла қалса, түбіне жетететін қазақтілді тәуелсіз кәсіподақтан зәресі кете қорқады. Осы қозғалыстардың және кәсіподақтың болмауына ең алдымен РФ Орталық Азиядағы орыс барлауы мүдделі. Интернетті Ресей мүддесін көздейтін тапсырыспен жазылған материалдар басып кетті. Оларға ОА автохон ұлттарының мүддесін аяққа басып комент жазатын троллдер тобы пайда болуда. 

Қазақстандық және Қазақстанға қатысты Ресей барлауының мүддесіне қызмет ететін саясаттанушылар қасарыса ауызға алмайтын бір фактор бар. Ол орыстілді саяси қозғалыстардың өздерінің ғұмырының ақырғы күндерін бастан кешіп жатқаны. Саяси қозғалыстар «Әбілязов лаңынан» кейін қазақтілді және орыстілді деп қаққа жарылды. Әрі билік бұрын ешқашан қазақтілді қозғалыс және олардың басшыларымен істес болып көрген жоқ. Тіпті ондай қозғалыс құрыла қалса, көзге ілмеуді дағыдыға айналдырды. 

Қордай жарасының аузы ашылуы бәрін өзгертті. 

Ресей барлауы өмірде болуға тиіс қазақ ұлтшылдарынан тұратын қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды ешқашан «казахские националисты» деп атамайды. Қайта «нацпат», «диванный батыры» және «казахофашисты» деген нелогизмдерді қолданып, өздерінің сөзін сөйлейтін орыстілді билік пен орыстілді отандастарымызды өз пайдасына қызмет еткізе бастады. Бұл – қауіпті үрдіс.

Қазақстанға өз тәуелсіздігін алған шақта орыстілді бюрократтық аппарат және кәсіподақ пен қоғамдық қозғалыстар мұраға қалды. Бұдан арылуымызға 30 жылдай уақыт керек болды. Енді қазақтілді қоғамдық қозғалыстар өмірге келген шақта өз қауіпсіздік органдарымыз бен орыс барлауы олардың арасына жік салып, ел аузында жүрген азаматтарды айкәпір етуге кірісті. Ең бірінші соққы – Қосановқа берілді. Өйткені, Қосанов ел президентін сайлауда Тәуелсіз тарихымызда бірінші рет қазақтілді қозғалыс ұсынды. Қосановты ағаш атқа мінгізу науқаны орыстілді билік пен орыс барлауының пайдасына шешіліп қазақтілділер алданып қалды. Асыл азаматқа нақақ күйе жағылды. Бірақ Әміржан ағамыз ел не десе о десін, бірінші рет ел мен жер иесі нағыз қазақтар президентке ұсынған саяси тұлға ретінде тарихта қалады. Бұны – Қосановтан ешкім тартып ала алмайды.

Қазір қоғамдық қозғалыстар қазақ саны басым болғанымен орыс тілі үстемдік ететін қалаларда өз наразылығын білдіріп жатыр. Керек десеңіз оны ұйымдастырушылар бізге ешкім қосылмайды деген ойбайға басады. Иә, бұл қалалардағы қазақ белсенділігі төмен. Керісінше орыстілділер белсенділігі басым. Өйткені, барлық үкіметтік емес ұйымдар орыстілді. Ал, қазақы қалалардағы жергілікті ұлтты саяси өмірге араластыру енді қолға алына бастады. Міне, билік қазақы ортадағы саяси қозғалыстардан қорқады. 

Қазақстанда нағыз алаштық демократияны қазақтілді ортадағы қазақи қозғалыстар ғана орната алады. Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы протестер еш нәтиже бере алмайды. Өйткені, қазақ қанша басым болғанымен саяси өмірі орыстілді орта. Жаңаөзенде неге оқ атылды? Ақтоғайда неге қытай сабалды? Дүңгендер неге сазасын алды? т.с.с. Осы сұрақтарға әзірше билік тарапынан жауап жоқ. Себебі, оларда ешбір диаспора алмастырылмай тек қазақ мүддесі еш саяси реңксіз әлеуметтік-экономикалық жақтан көтерілді. Оған бір жақты қылмыстық реңк беруді доғаратын кез келді. 

Билік қазақтілді ортадағы қазақтілді қозғалыспен санасуға тиіс. Қазақтілділер қозғалысы биліктің «Біз – көпұлтты мемлекетпіз» деген даңғазадан арылып, өздеріне қатысты жаңаша саяси бағыт ұстану талап етеді. Бірақ біздің жалтақой билік болып жатқан қазақтілділер қозғалысы саяси факторымен санаса ма екен? 

Әбіл-Серік Әліакбар,

Абай.кз

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: